«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дарынды балалардың мотивациясын арттыру үшін проблемалық-дамыта оқыту

25.11.2017

Дарынды балалармен жұмыс кезінде проблемалық оқыту технологиясын табысты іске асыруға болады. Мұғалімдер сабақтарында жаңа тақырыпты зерделеу кезінде өзіндік жұмыс жасау барысында дарынды оқушылар алдында: анализ, синтез, салыстыру, аналогия, жалпылау т.б. байланысты ойлау операцияларын пайдалануды қажетсінетін танымдық қиыншылық ситуацияларын құрады. Бұл оқушының шығармашыл білім - білікті меңгеруге, ойлау қабілеттерін дамытуға алып келетін өзіндік белсенді қызметті ұйымдастыру мүмкіндігін береді.

Сын тұрғысынан ойлау элементтері ойлау қызметін дамытуға көмектеседі, қызметтестік атмосферасын құрады,мотивациялық негіз қалыптасады.

Жобалау әдісі мектептегі дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың негізігі бір түрі болып табылады. Жобалау әдісін оқу проблемасын өздігінен құра білу, қажетті ақпараттарды өзгігінен жинастыруды іске асыру, проблеманы шешудің мүмкін деген жолдарын жоспарлау, қорытынды шығару, оның "әр кірпішін" біртіндеп өздігінен қалау арқылы жаңа білім мен өмірлік маңызды тәжірибені игертетін, оқушыларды белсенді танымдық қызметке тікелей жұмылдыратын,"жасау арқылы оқу" деп сипаттауға болады. Дарынды балалармен жұмыстардың тағы бір түрі – факультатив жұмыстары. Бұл жерде шағын топтарда жұмыс жасай отырып, оқытуды дифференциалау, түрлі әдістерді: байқау, эксперимент, зерттеу, ғылыми әдебиетпен жұмыс т.б. арқылы әр оқушыға жеке тұрғыдан келу тәсілдері табысты жүзеге асырылады. Түрлі факультативтерді пайдалану дарынды балалардың түрлі қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін есепке алу мүмкіндігін береді.

Дарынды балаларды анықтау үшін мектеп олимпиадаларын өткізу маңызды. Мектепте білімдік салалардың түрлі пәндері бойынша олимпиадалық тапсырмалар банкін құру және үнемі толықтыру, АКТ пайдалану керек.

Креативтілікті арттыруға бағытталған барлық сабақтар: ең алдымен ерекше сұрақтар қою, екіншіден ерекше жауап таба білу және образдар мен идеялар эксперименттеу принціптері арқылы жүзеге асырылады.

Просмотров: 511


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст