«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогикалық кеңес

30.10.2017

Мектептің жұмыс жоспарына сәйкес «Оқыту - тәрбиелеу,оқушы тұлғасын дамытудағы құзыреттілік тұрғыны игеру арқылы білім сапасын жетілдіру» тақырыбындағы педагогикалық кеңес отырыс өткізілді. Педагогикалық ұжымның жұмыс барысындағы басты айдары: «Білім беру келешек жетістіктердің ең іргелі факторы екендігін әр қазақстандық түсінуі тиіс. Жастардың басымдық бағыттарында білім алу еңі бірінші орында болуы тиіс» деген Ел басы Н. Назарбаевтың сөзі болы. Күн тәртібінде бірнеше мәселе қарастырылды. Заманауи білім алудағы басты  рөлді заманауи мектептің ең басты проблемаларының бірі болып табылатын оқу мотивациясы атқарады. Осы проблема бойынша Нурмагамбетова И.Т.: «Формирование учебной мотивации школьника как одно из ведущих условий повышения качества обучения и показатель результативности образовательного процесса» тақырыбында сөз алды. Мұғалім өз сөзінде мектеп жасындағы оқу мотивациясына тоқталды. Проблеманың өзектілігі білім мазмұнының жаңаруымен, мектеп оқушыларының өзіндік өмір сүрудегі міндеттерін, өздігінен білім алу дағдыларын, танымдық мүддлерін, белсенді өмірлік тұрғыларын қалыптастырумен шартты. Мұғалім жетістікке жету үшін өз жұмысында оқушының оқу қызметін іске асыруға ықпал ететін түрлі технологияларды пайдалануы тиіс.

«Мұғалім бала үшін ең қажетті адам. Оның өмірдегі миссиясы ерекше: тек оқыту, бағыттау, басшылық ету ғане емес, сонымен бірге тәрбиелеу. Оның міндеті - заманауи әлемге еніп жатқан бала тұлғасының қалыптасыуын қадағалау, өмірден өзінің лайықты орнын таба білетін адам тәрбиелеу» Ы. Алтынсарин.

 

«Шағын орталық тәрбиеленушілерінің танымдық қызметтерін белсендіру» тақырыбында алған шағын орталық тәрбиешісі Дүйсенбі Н. оқу-тәрбиелеу үдерісіне тоқталды. Ол өз сабақтарында оқушылардың танымдық қызметін дамытуға бағытталған түрлі көптеген жұмыстарды жүргізетіні жайлы айтты. 

Қазақ тілі-мемлекеттік тіл болып табылады. Мемлекеттік тілді білу әр азаматтың міндеті . «ҚР Тілдер туралы» заңын орындау мәселесі бойынша қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдері ӘБ жетекшісі Бакиянова К.К. сөз алды. ҚР Тілдер туралы Заңының жүзеге асырылу түрлерін сабақтарда, сынып кабинеттерін безендіруде, сыныптан тыс шаралар мен зияткерлік конкурстар өткізуде, қабырға газеттерін шығаруда көруге болады. Ұжым ішінде мемлекеттік тілді үйрену үйірмесі жұмыс жасайды. Мектептің барлық құжаттамасы екі тілде жүргізіледі. Кунсулу Куандыковна өз сөзін «Латын харпіне көшу – елдің рухани-мәдение дамуындағы тарихи кезең» мәселесімен жалғастырды. Мемлекетіміздің басшысы 2025 жылға дейін қазақ алфавитінен латын харпіне көшу мақсатын алға тартып отыр. «2025 жылы біз іс жүргізуді, мерзімдік баспасөз басылымдарын, құралдарды латын харпіне көшіруге тиіспіз» деді Қазақстан Республикасының Президенті. Қазақ алфавитінен латын харпіне көшу саяси мәселе емес, заман талабы. Жаңа графикаға көшу Қазақстанның түркі тілдес халықтардың әлеуметтік ортасына оралу мүмкіндігін береді, біздің халықтарымызды жақындастыра түседі, ел арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайта түседі.  

Қазақ алфавитінен латын харпіне көшу бойынша тапсырма ҚР Президентінің РК «Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген. Тарих мұғалімі Балекбаева А.А. «Рухани жаңғыру», «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» бағдарламасы туралы сөз алды. Ол өз сөзінде Қазақстан мәдениетінің қазіргі заманғы елдегі және шет елдегі үздік жетістіктері мен  тарихи-мәдени мұрасын сақтап қалуға бағытталған бағдарламаның негізгі мақсат -міндеттеріне тоқталды.

Мектептің жұмыс жоспарына сәйкес жоспарланған барлық мәселелер қарастырылды. Білім беру елдің, қоғамның, әр адамның  дамуында басты рөл атқарады, сондықтан да осы мәселелер бойынша қоғамды, мемлекетті дамытубағытындағы жұмыстарды жалғастыру керек. 

Просмотров: 511


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст