«Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММ оқушылары дарынды балаларды анықтау мақсатында өткізілетін Республикалық лингвистикалық олимпиаданың мектептік турына қатысты. Тапсырмалардың негізгі бөлігі функционалдық сауаттылыққа, логикалық ойлауға, уақытты тиімді пайдалануға бағытталған. Олимпиадаға қатысушылар тапсырмаларға жауапкершілікпен қарап, өздерінің танымдық мүдедсін көрсетті және өздерінің гуманитарлық ғылым саласындағы білімдерін тексерді. Нәтижелер олимпиада өткізу орталығына жолданды.
Олимпиада – бұл оқу үдерісін өзіндік реттеу мүмкіндігі: оқушылар өздерінің білім деңгейлерін анықтайды, қай жерде қандай проблемалар бар, оларды қалайша жеңу керектігін өздігінен біліп, олқылықтардың орнын толтыру бойынша қорытынды жасайды.