Сабақтың тақырыбы: Азық – түлік дүкені
Сабақтың мақсаты: Фонетика саласы негізінде алған білімдерін еске түсіре отырып, оқушыларға тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгерту.
Білімділік: Фонетикалық талдауды еске түсіру, мәтін бойынша сұрақ құрастыра білу,сурет бойынша сөйлем құрастыруға үйрету.
Дамытушылық: Сөйлету, ойлау арқылы оқушылардың ой – өрісін кеңейту, өз ойын еркін жеткізу дағдысын жетілдіру, ауызекі сөйлеу дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тілге деген қызығушылықтарын арттыру, топтық жұмыс арқылы достық қарым – қатынасқа, сыпайы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтағы азық – түлік суреттері, конверт,карточкалар, т.б.