«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өнер сұлуылғы арқылы тәрбиееу және оқыту

24.02.2017

Әсемдік әлемінде декоративтік-қолданбалы өнер ерекше орын алады. Өйткені ол әлемге деген барлық эстетикалық ерекшеліктерді өз бойына шоғырландырады. Осы өнер арқылы адамның эстетикалық қабілеті кеңінен ашылып біртұтас дүниеге айналатын туындылар жасайды. Тұлғаны рухани дамытудың қайталанбас, әрі күшті құралы - өнер. Ол адамға әсер ете отырып оның ішкі жан дүниесін, көркемдік талғамын қалыптастырады. Халық шығармашылығына сүйіспеншілікке баулу, рухани-адамгершіл тұлға қалыптастыру қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсаттардың бірі болып отыр. Қазақ халқы ежелден  он саусағынан өнері тамған халық, қазақ елі қол өнерінің қайнаған қазынасы болуымен қатар оның әлемдік өркениетті дамытуда қосқан үлесі де баға жетпес.

В. Чепелев: «Похоже, что казахи живут в мире орнамента» деп жазған екен. Эстетикалық пәндер онкүндігі шеңберінде бейнелеу өнерінің мұғалімі Қ. Шоқақов 5 «А» сыныпта ұлттық колоритке толы декоративтік-қолданбалы өнер туралы ашық сабақ өткізді. Қазақ халқының тұрмыста қолданылатын сан алуан түрлі ою – өрнектері оқушылар назарына ұсынылды. Бесінші сынып оқушылары қазақ қазақ халық шығармашылығының ежелгі түрі ретіндегі ою-өрнектер мен, олардың ерекшеліктерімен, нышандарымен танысып, олардың қазіргі заманауи тұрмыста қолданылу жағдайларын көзбен көрді. Сабақтың тәжірибелік бөлігінде оқушылар ою-өрнектерді сала білетіндерін, оны түрлі бұйымдардың бетіне көшіре алатынын көрсетті. Сабақтың теориялық бөлімі оқушылардың бойында оқуға  деген оң мотивацияларын қалыптастыруға, сан қырлы, сан алуан ою өрнектер туралы дүниетанымдарын кеңейтуге жан-жақты ықпал етті. Сабақ лайықты үздік бағасын алды.

Просмотров: 535


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст