Текст
2017 жылдың 22 ақпаны күні кәсіптік бағдар беру жұмыстарының шеңберінде «Атбасар көпсалалы аудан аралық ауруханасы» МКҚК-да №1 ОМ-нің келешекте өз өмірін мединалық қызметпне байланыстыруға ниет білдірген оқушыларына арналған танысу саяхаты өткізілді. Олар ауруханаға барып дәрігерлердің жұмыс күні қалай өтетінін, олар күнделікті қандай қызметпен айналысатынын көзбен көріп білді. Оқушылар УДЗ қалай жүргізілетінін қарап, заманауи медициналық аппараттармен танысты, хирургия және травматология бөлімшелерінде болды.
Саяхатты аурухананың бас дәрігері Абдрахманов А.Н. өткізді. Балаларға саяхат өте ұнады.
№1 ОМ әкімшілігі А.Н. Абдрахмановқа тартымды танымдық саяхат өткізгені үшін алғыс білдіреді.