Текст
Лондон-Еуропадағы ең көне қалалардың бірі, ол әртүрлі көрнекті орындардың, тарихи және мәдени ескерткіштердің таңғажайып шоғырлануына ие: көздің жаын алатын сәнді сарайлар, тарихи ғимараттар, мұнаралар, көпірлер, ежелгі шіркеулер, аттракциондар мен әлемдік деңгейдегі мұражайлар.19 шілде күні "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де "Sights of London" тақырыбында ағылшын тілі сабағы өтті. Оқушылар Лондонға виртуалды экскурсияға барып, қаланың барлық көрікті жерлерімен танысып, осы тақырып бойынша түрлі тапсырмаларды орындады. Сабақ соңында балалар көрікті жерлер туралы өз әсерлерімен бөлісті. С. Абрамова, ағылшын тілі мұғалімі