Қазіргі таңда мұғалімдердің алдында өте маңызды және жауапты мақсат пен міндеттер тұр, оның бірі - оқушыға тиянақты және сапалы білім беру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жазғы демалыс күндері №1 жалпы орта білім беретін мектепте лингвистикалық алаңы ұйымдастырылды. Курс тыңдаушылары күнделікті сабақтардың бірінші бөлімінде қазақ тіл білімінің фонетика, лексикология, фразеология, сөзжасам, морфология, синтаксис сияқты бөлімдері бойынша теориялық материалдарды қайталап, осы тақырыптар бойынша тапсырмаларды орындады. Сабақтар көбінесе ойын түрінде жүргізіліп тұрады. Грамматикалық ойындар оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырады, кез келген бөлімнен ең күрделі ережелерді меңгеруге көмектеседі, ауызекі сөйлеу тілін дамытады, тез және жеңіл түрде есте сақтауға ықпал етеді, орфографиялық дағдыларын жетілдіреді, оқушылардың сөздік қорын молайтады, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. . Сонымен қатар, сабақтың екінші бөлімінде балалар қазақ халқының ертеден келе жатқан салт-дәстүрлерімен танысып, өз қолдарымен тойбастарға себеттер жасап көрді. Сол себепті балаларға арналған жазғы «қазақ тілі» танымдық курсының жұмысы қызықты әрі көңілді болып жалғасуда.