«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос және уақытша бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды
Орналасқан жері (мекен-жайы): 020400 Атбасар қ, Жеңіс к-і 86
Телефон: 8 716 43 5-43-78
Электрондық пошта: atbasarroo.sh1@gmail.com
Лауазымы:
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі – 20 апталық сағат
Математика мұғалімі – 25 апталық сағат
География мұғалімі – 16 апталық сағат
Директордың оқу тәрбие жөніндегі орынбасары – 1 жүктеме
Математика мұғалімі (декреттік демалыс кезінде) – 25 апталық сағат
Логопед - 1 жүктеме
Өтінім беру мерзімі: 2023 жылдың 8 тамыздан 17 тамызға дейін
Конкурсқа қатысу үшін үміткер мыналарды ұсынуы керек:
1) осы қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Барлық мамандықтардың мұғалімдері
1. Функционалдық міндеттері:
• мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескере отырып, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады;
• оқушы мен оқушы тұлғасының ортақ мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін ашып, дамытуға ықпал етеді;
• оқушыны ұстазға деген құрметпен қарауға тәрбиелейді, мұғалімге сыпайы түрде аты-жөні мен әкесінің атын айтып немесе «мұғалім/учитель» деп тікелей үндеу арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилін және сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
• оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді формаларын, әдістері мен құралдарын пайдаланады;
• пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарларды, бөлім бойынша жиынтық бағалауға және тоқсанға жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды құрастырады;
• бөлім бойынша жиынтық бағалау және ескертулермен тоқсан бойынша жиынтық бағалау нәтижелері бойынша талдау жүргізеді;
• электронды журналды толтырады;
• білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
• білім беру бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады, олардың оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес толық көлемде орындалуын қамтамасыз етеді;
• білім алушылардың, оқушылардың жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін зерттейді;
• инклюзивті білім беруге жағдай жасайды;
• ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
• арнаулы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша жоюға бағытталған білім алушыларды, оқушыларды оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жүргізеді;
• интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтан сабақтар ұйымдастырады;
• әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер бірлестіктерінің, әдістемелік-педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
• ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестерге қатысады;
• ата-аналарға кеңес береді;
• кәсіби құзыреттілігін арттырады;
• қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау, өрттен қорғау ережелерін сақтайды;
• оқу-тәрбие процесінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
• ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтасады;
• тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін құжаттарды толтырады;
• студенттер мен оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық принциптерін қалыптастырады.
2. Білуге тиіс:
• Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және коррекциялық қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
• пәннің мазмұнын, оқу үрдісі, оқыту және бағалау әдістерін;
• педагогиканы және психологияны;
• пәнді оқыту әдістемесіе, оқу жұмысы, оқу құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін;
• педагогикалық әдеп /этика нормаларын;
• оқу кабинеттері мен қосалқы бөлмелердің жабдықталуына қойылатын талаптарды;
• құқық және еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздерін, экономиканы;
• Еңбек заңнамасының негіздерін, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелерін, өрттен қорғау, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Қызметкерге айлық жалақы штаттық кестеге сәйкес белгіленеді. Еңбекақы қызметкердің карточкалық шотына ақша аудару арқылы ай сайын ұлттық валютада (теңгеде) қолма-қол ақшамен төленеді.