Текст
1-сыныпта жаңа ұжым қалыптаса бастайды. Оқушылар бір-бірін аз біледі, бір- бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауды, коммуникациялық байланыстарды құруды білмейді, бейімделудің қиын кезеңінен өтеді. Балалардың мектеп өміріне дағдылану процесін жеңілдету үшін үзіліс кезінде де, сабақтан тыс уақытта да әртүрлі ойындарды пайдалануға болады. Үстел үстіндегі және ашық алаңдағы ойындар оқушылардың бір-бірімен танысуына, өзін және қасиеттерін көрсетуге, достық қарым-қатынас орнатуға, тіпті қызығушылықтарына қарай микротоптарға бірігуге өте жақсы көмектеседі.
Рыбинская М.П., бастауыш сынып мұғалімі