«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Орыс тілі сабағы

06.11.2023

2023 жылдың 6 қарашасы күні 2 "А" сыныпта орыс тілінен " Сөз құрамы. Жалғау" тақырыбында сабақ өтті. Жаңа материалды түсіндіруде: "морфема" схемасы, оқулықтағы параграф ережесі және тақтаға жазылған және мұғалім түсіндірген сөздердің мысалдары қолданылды. Жаңа материалды түсіндіргеннен кейін білім алушылар үш бекіту жаттығуларын орындады. Тақтаға жауап беретін оқушылар мұғалім ұсынған алгоритмді қолданды. Жаттығу кезінде кейбір оқушылар: сөздің түбірін табу, түбірлес сөздерді іріктеу тәрізді мәселелкрге тап болды. Оқушылар жаңа материалды саналы қабылдады, туындаған мәселелерді шешуге қатысты, сыныптастарының жауаптарын мұқият тыңдап, мұғалімге сұрақтар қойды. Тақырып бойынша білім игерілді және бекітілді, мақсаттар мен міндеттерге жоғарыда аталған оқу әрекеттері арқылы қол жеткізілді: ережені тұжырымдау, бір түбірлі сөздерді іздеу, нәтижелерді жалпылау. Сабақтағы жұмыс кезең-кезеңмен ұйымдастырылды. Әр тапсырманың алдында
орындау бойынша нұсқаулық өткізіліп, оқулық тапсырмаларымен жұмыс істеу кезінде Ережені қолдану алгоритмі ұсынылды. Өзіндік жұмыс кезеңінде оқушылар ұсынылған тапсырмаларды орындады 

Просмотров: 299


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст