«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сапалы білім баршаға қолжетімді

08.12.2023

Атбасар қаласының No1 жалпы орта білім беретін мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 7 желтоқсанында жоспарға сай директор жанындағы кеңес  өткізілді. Кеңесті мектеп директоры Бекова Л.Г ашып, өз әріптестерін мұғалімдердің 1-съезіне арналған «Сапалы білім баршаға қолжетімді» ұлттық баяндамасының негізгі тезистерімен таныстырды. Ол келесі жылға арналған мұғалімдерді аттестациялау ережелеріне енгізілген өзгерістер туралы ақпаратқа тоқталып, білім беру ұйымдарындағы ішкі тәртіп ережелеріне де тоқталды. Іс-қағаздарының жай-күйін тексеру қорытындысы, 1-тоқсандағы оқу бағдарламаларының орындалу барысы, «Күнделік» жүйесінде электронды журнал толтыру жағдайы,тілдік цикл  пәндері бойынша жұмыс дәптерлері мен бақылау жұмыстарын тексеру қорытындысы туралы 1-4 сыныптар бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Балгожина Э.Ш., орта буын және жоғарғы   сыныптар бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Позднякова Т.В. сөз сөйледі.
Әріптестер берген ақпарат мұғалімдердің өзекті мәселелер бойынша жұмысының сапасын толық көрсетті. Сөз соңында әріптестер мұғалімдерге алға қойған мақсаттарын әрі қарай және табысты жүзеге асыру үшін нақты әдістемелік ұсыныстар берді.
Кеңейтілген педагогикалық кеңестің қорытындысы бойынша 1, 5 және 10 сынып оқушыларының бейімделу мәселелері бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Балгожина Э.Ш.және Позднякова Т.В. Осы сыныптардағы оқушылардың оқу-тәрбие іс-әрекетін табысты өткізуге бағытталған алдағы уақыттағы іс-шаралар жоспары жасалды.
Мектеп асханасында тегін тамақтану мен тамақтануды ұйымдастыру сапасы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасына жататын оқушылардың санатын анықтау және құжаттарын толтыру туралы  әлеуметтік педагог Трущ А.М.айтты.
16 желтоқсан қарсаңында өтетін іс-шаралардың тақырыптарын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Наймушин Д.Г. таныстырды.
Қазіргі мұғалімнің кәсіби шеберлігінің маңызды факторларының бірі педагогикалық этика ережелерін сақтау болып табылады. Мектеп кәсіподақ ұйымының төрайымы Жакупова М.И.тиісті мінез-құлық нормалары туралы айтты.
Директор жанындағы кеңес толыққанды және өнімді өтті.

Просмотров: 815


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст