«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Абай болыңыз, тұмау!» демалыс кезіндегі қашықтықта өткізілген сыныптан тыс шара

30.03.2020
2020 жылдың 30 наурызы күні 7 «В» сыныпта   жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша «Абай болыңыз, тұмау!» демалыс кезіндегі  қашықтықта өткізілген сыныптан тыс шарасы өткізілді. Сабақтың мақсаты – тұмаудың алдын алу үшін қанндай шаралар бар екенін  және қай шаралар оған тосқауыл болатанын, сырқаттың симптомдары мен оны емдеу  жолдарын анықтау. Қашықтағы сабақ бір-бірімен сәлемдесіп, жақсы тілек білдірумен  басталды. «Денсаулық» туралы  мақал-мәтелдер білуі оқушыларды  позитивтік толқын мен көтеріңкі  көңіл-күйге жетеледі.  Қашықтықтан өткен  сыныптан тыс шара барысында балалар: дені сау болу деген не? Денсаулыққа не әсер  етуі мүмкін?  Деген сұрақтарға жауап бере отырып, белсенділік танытты. Слайд презентациясы оқушыларға ежелгі грек халқының ұзақ өмір сүру құпиясы   – дұрыс тамақтану  пирамидасын білі, спортпен шұғылдану,  алкоголь ішімдіктер мен темекі шегуден  бас тарту керектігіне көздерін жеткізді.  «Ромашка»  ойыны арқылы мақалдың жалғасын тапты. Оқушылар мақалды дұрыс жалғастыруы тиіс болды.көптеген ойларды алғаш рет естіп отырғанымен,  халық даналығын білді,  демек, өз бойында  жаңалық ашты. болды.«Миға шабуыл»  кезінде оқушылар өздерінің шығармашылық және ойлау әлеуеттерін ортаға шығарды, дені сау адам  немесе керісінше жағдайдағы  адам  қандай болу керек деген  бағыттағы өздерінің көптеген ойларын, ұсыныстарын айтты.  Одан кейін балалар мұғалімнің  вирустық  инфекциялардың адам ағзасының қарсылығын  төмендетуге ықпал етуі жайлы сөзін тыңдады.   Тұмаудың адам ағзасына ықпалы, одан сақталу жолдары маусымдық сырқатпен күресу,  иммунитеттің жұқпалы аурулармен күресі туралы сөздерін, жұқпалы сырқаттармен күресу үшін ең қарапайым дағды тазалық ережесін сақтау жайлы айтылды. Демек,  сыныптан тыс шараға қатысушылар ға «тұмау» сөзімен ассоцияланатын сөздерді дәптерлеріне жазу жайында тапсырма берілді. Экран арқылы көрсетілген  слайд презентацияларында  тұмау жайлы жан-жақты ақпарат берді. Тұмау – тұмау вирусы (ӨРВИ)арқылы туындайтын,  тыныс жолдарының өткір жұпалы сырқаты .  XVI ғасырдың соңынан бастап күні бүгінге дейін  тұмау вирусының 2000 дан астам нұсқасы анықталған. Тұмау тыныс  алу жолдары,  қан тамырлар, жүрек , орталық жүйке жүйесінің   салиқалы сырқаттарына әкеп соқтыруы мүмкін қатерлі індет. Тұмаумен қасыңда жүрген адам арқылы, әсіресе, жөтелген және түшкірген кезде  сырқаттанып қалу мүмкіндігін білді. Сондықтан, сырқат адаммен  қарым-қатынаста абай болу, маска кию,жеке гигиена:   ас алдында, қолды жуу, киім-кешекті т.б. таза ұстау тәрізді қарапайым  тазалық ережелерін сақтау. 
 7 «В» сынып оқушыларының назарына  «тұмауға қарсы он қадам» атты ақпарат ұсынылды, онда тұмау  вирустық-жұқпалы сырқаты туралы, оның алдын алу, онымен күрес  жолдары жайлы айтылды. Шараның соңында қауіпсіздік мақсатында оқушылармен  жұқпалы сырқаттар туралы он-лайн конференция  өткізіп,  өз қолдарымен сарымсақтан  тұмар жасау туралы тапсырма берілді. оны қалай жасау керектігі айтылып, өз жұмысының қорытындысын тікелей көрсету керектігі айтылды.  «Осторожно, грипп!» қашықтағы  сыныптан тыс шарасына қатысқан оқушылардың ойы:  олар көптеген пайдалы ақпараттарды алды, алған білімдерін қажет болған жағдайда өмірде  міндетті түрде пайдаланатын болады.
 
 7 «В» сынып жетекшісі  Нурманова Алия Нурлановна
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Просмотров: 391


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст