02.04.2020
2 сәуір күні мектепалдындағы және бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына арналған қашықтағы бірыңғай ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар жиналысы "Zoom" платформасында, ноутбуктер, ұялы телефондарды пайдаланумен өткізілді.
Әр сынып жетекшісі өз сыныбының ата-аналарына мектепте ҚО қалай ұйымдастырылатыны жайлы жан-жақты түсіндіріп берді. Білімдік үдеріс "ZOOM", Күнделік, WhatsApp платформалары арқылы өткізіледі. Сонымен қатар, «Ел-арна» телеарнасында қосымша сабақтар көрсетілетін болады. Олар да сабақ кестесіне енгізілген, оқушылар аталған сабақтарды телеарнадан қарай алады. Сынып жетекшілері ата-аналарды өз сыныптары бойынша 4-ші тоқсандағы сабақ және қоңырау кестесімен, «Ел-арна» теле арнасындағы қосымша сабақтар кестесімен таныстырды.
Қашықтан оқыту кезіндегі оқушылар мен ата –аналардың өзара қызметтестігі бойынша ұсыныстар берілді. Ата-аналар «Күнделік» жүйесі арқылы қашықтан оқытуды ұйымдастырудың қадамдық алгоритмімен таныстырылды
Жиналысқа қатысушылар сонымен қатар, COVID 19 сырқатының қауіптілігі жайлы ақпараттандырылды,оның алдын алу бойынша жадынамалар таратылдыу кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау туралы естеріне салды.
Ата-аналар тарапынан жиналыс барысында түрлі сұрақтар туындады, оған тыңғылықты жауаптар берілді. Ата-аналар, педагогтар, оқушылар бірлесіп жұмыс атқарғанда ғана оң нәтижеге қол жеткізуге болатынына жиналысқа қатысқан ата-аналардың көздері әбден жетті.
Жеребкова Л.В. бастауыш сынып мұғалімі