02.04.2020
2 сәуір күні «Атбасар қаласының №1 орта мектебі» КММ 8 -11сынып оқушыларының ата-аналарымен: қашықтан оқытуды ұйымдастыру, короновирус қаупі , карантин кезіндегі қауіпсіздік шаралары тәрізді өзекті мәселер талқыланған қашықтағы бірыңғай ата-аналар жиналысы өткізілді.
Сынып жетекшілері ата-аналарға қазіргі жағдайда үздіксіз сапалы білім алу үшін : интернет сайттар, бағдарламалар барын, олардың жұмыс жасап және байқау сабақтары өткізіліп жатқанын айтты. Ұйымдастыру кезінде ешқандай дүрбелең, кереғарлық болмау керек, оқу үдерісі жалғасуда. Педагогтардың дайындалған оқыту жүйесі, оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдері бар. Республикалық "Ел арна" және "Балапан" телеарналарында кесте бойынша қосымша телесабақтар өткізілетін болады, оған оқушылар қатысу керек. Ата-аналарға "Zoom", "Күнделік", платформасындағы жұмыстар, онлайн сабақтар, "Күнделік", whatsapp желісін пайдалану т уралы ақпараттар берілді. Сынып жетекшілері оқушының күн тәртібін дұрыс сақтауына және уақытты үнемді пайдалануына назар аудару керектігін баса айтты.
Ата-аналарға коронавирус инфекциясы туралы ақпарат берілді, аталған індеттің қауіптілігі, сақтану шараларының маңыздылығы туралы жан-жақты айтылды. Жақындарының аталған сырқатқа душар болуына жол бермеу мақс атында сақтық және алдын алушылық шараларды мұқият сақтау керектігі ескертілді. Ата-аналар өз кезектерінде коронавирус инфекциясынан сақтану жолдары жайлы ерекше айтты.
Ата-аналарға үйде қолайлы жағдай жасау, жалы психологиялық атмосфера орнату бойынша психологтың ұсынысы берілді . Жиналғандар оқушылардың оқуы мен тәрбиесіне үнемі жағдай жасап отыратын мектепке тілектерін білдірді. Ата-аналар қашықтан оқытуға толық жауапкершілікпен және саналы түрде қарайтындықтарын айтып, тұрғындарды қорғау бойынша мемлекет тарапынан жасалып жатқан шараларға қолдау білдіретіндерін, азаматтық саналылық танытатындықтарын айтты. Педагогтар мен ата-аналар бірлігі -қашықтан оқыту стратегиясының жетістігі.
Токтарова Г.К., 10 сын. сынып жетекшісі 10