03.04.2020
Демалыс – әр оқушының өміріндегі таңғажаып кезең. Бірақ, оқушылардың демалыстан кейін мектепке жігерлері азайып келетінін зерттеушілер анықтаған екен. Күн тәртібінің сақталмауы шаршатады, сондықтан да, оқушылардың бойында «демалыс-армандарды іске асыру уақыты» деген түсінікті қалыптастырып, демалысты дұрыс ұйымдастырып, тәрбиелеген жөн.Біздің тілшілеріміз ТурашеваАйшат пен Габдулхакова Альбина оныншы сыныптың оқушылары өз демалыстарын қалай өткізіп жатқанын анықтамақшы болды, сөйтіп, өздерінің кішкентай армандарын іске асыруға келісті. Нәтмижесінде басқаларға да ұнаған, демалысты қалайша қызықты өткізуге болады деген көптеген қызықты идеялар туындады. МалолеткоВалерия занялась электрондық сурет салумен айналысты, бұл ол үшін енді нағыз қызықты шығармашылыққа айналды. Гармашов Никита суреттерді реставрациялауда күшін сынап көрді. БектемисовКажигали гитарада ойнап үйренді Ал Егель Тамара өз бөлмесінде "Физика" галереясын жасады: қағаз бетіне түрлі түсті фломастерлерменбарлық формулаларды жазып шықты, енді жуырджа кітап шығармақшы. Шевчук Ярослава, Акаева Малика классикалық ә.дебиеттерді қызыға оқыды.Кабильдинова Елара Халықаралық шығармашылық жұмыстар конкурсына дайындалды. Серебрянская Ангелина өнер әлеміне виртуал саяхат жасады. Палажина Марина, Афанасьева Юлия, ИсмагамбетоваАйкунум, Канафиева Дианалар ҰБТ – ге дайындалып тестік тапсырмаларды шешті. Ал Турашева Айшат, болашақ педагог ретінде кішкетай бауырларына арнап шығармашылық шаралар өткізді. Габдулхакова Альбина әдебиеттен ғылыми жобаға дайындалды. Молодикова Юлия көптеген қызықты аспаздық рецепттерді тауып, жақындарын тәтті шаймен тамсандырды. Біздің сыныптың ұлдары үйлерінде спорт залын жасап, денетәрбиесімен айналысты. Бос отырған ешкім жоқ, бәрі іспен айналысуда! Ең бастысы - төртінші тқсанның баст алуын асыға күтті. Алдымызда білімнің жаңа көкжиегі тұр! Үздіксіз білім алу – қоғамның лайықты азаматы болу арнанын іске асыруға және өмірдегі өз орындарын анықтауға себін тигізері сөзсіз!
Токтарова Г.К., 10 сын. сынып жетекшісі