03.04.2020
Заманауи кезеңде белгілі бір білім-білік-дағды жиынтықтарын ғана алып қою жеткіліксіз, оларды барынша кең игеріп, нақты өмірде, шынайы сәтте қолдана білу керек. адам қызыға білім алса, ол білім мен біліктің не үшін қажет екенін және қаншалықты маңызды екенін нақты түсінгенде ғана білімді бола алады
Мектеп өмірінде бала айналасында,әлемде болып жатқан жағдайларды барынша көбірек білуге тырысады. Сондықтан, дұрыс оқыту тұрғысын таба білгенде ғана оқыту шаршаңқы әрі талапсыз қажеттіліктен білім әлеміне қызықты саяхатқа айналатыны сөзсіз. Осындай тұрғылардың бірі сөзжұмбақтар құру және шешу. Кроссворд шешуге барлық оқушылар қызығады. Сөзжұмбақ ішіндегі бір сөзді табудың өзі де – жетістік. Ол қуаныш сыйлайды, оң эмоция береді, өз күшіне сенімділік пайда болады, тағы басқа сөздерді табуға деген еріксіз құлшыныс пайда болады. Сөйтіп пайда болған қызығушылық арқылы танымдық үдеріс өзектендіріледі.
Оқушылардың өздері құрастырған сөзжұмбақтар тіпті де тиімді. Ол үшін балалар өздерінің сөздік қорларын жүйелейді, сөздерді санына қарай топтайды. Кейбір сөздердің дұрыс жазылуын оқушы қалай үренгенін де байқамай қалады. Сосын сөзжұмбаөқты шимай дәптерге жазады, баланың логикасы мен ойлағыштығы жұмыс жасайды, орнықтылығы және бастаған істі аяқтап тастауға деген құлшыныстары дамиды, табандылық пен мақсаткерлік қалыптасады. Ал безендіру кезінде шығармашылығы мен қиялы, көркемдік және эстетикалық қабілеттері дамиды. Сөзжұмбақ – 5 «В» сынып оқушыларының қызыға айналысатын қызмет түрі. Бұл жұмыс арқылы балаар шығармашылық қызметтерін белсендреді, дамытады. Сондықтан, «күнді қалайша пайдалы өткіхземіз?» деген онлайн-конференция кезінде бір ауыздан – сөзжұмбақ құрастырамыз деген жауап болды.
Щербак А.Н., 5 «В» сын. сынып жетекшісі