20 ақпан күні 2 «Б» сыныпта математика пәнінен «1-ге көбейту және бөлу. Салт-дәстүр және фольклор » тақырыбында қашықтықтағы ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалды. Оқушылар сабақтың алғашқ минутынан бастап әлем халықтарының салт-дәстүрлерін танып, бұрын үйренген дәстүрлерін еске алып, бөлісті. 2,3,4,5-ке көбейту және бөлу кестесін қайталау тапсырмалары орындалды: «Ладошки» реттілік ойыны ойналды.
Көбейту амалдарын қосу амалдарымен алмастыра отырып, оқушылар жаңа тақырыпқа жақындап, 1-ге көбейту және бөлу жолдарын бірден қорытындылады.
Сабақта: ауызша түсіндіру, көрнекілік, ойын, танымдық әдістері қолданылды. Сабақтың әр кезеңінде шағын қорытынды жасалды. Оқушылар оқулықпен өз бетінше жұмыс істей алатындарын көрсетті. Олар өрнектерді орындауда және есептер шығаруда өз білімдерін көрсетті. Олар сабақ бойы белсенділік танытты. Сабақ соңында оқушылар сабақ туралы: олар үшін не оңай болды, қандай қиындықтар болды, сабақта не нәрсе есте қалғаны туралы өз пікірлерін білдірді.
Сынып жетекшісі: Т.В.Ларионова