Экология табиғат заңдарын зерттейді, жерге қамқорлықпен қарауға үйретеді. 20 мамыр күні 3 "Б" және 4 "А" сынып оқушылары үшін онлайн режимінде экологиялық сабақтар өткізілді. Сабақты PlasticfreeKazakhstan жобасының волонтерлері-МолдахметоваТомирис, Андрей және Марина Лутошкиналар өткізді. PlasticfreeKazakhstan-мектеп оқушылары арасында пластикті пайдалануды азайту мәдениетін таратудың волонтерлік бағдарламасы. Волонтерлер UNICEF балалар қоры туралы айтты. Оқушылар пластика туралы өте қызықты диалог өткізді: "Бұл не? Қайдан ол пайда болды? Қайда пайдаланылады?» Оқушылар еріктілерден пластика туралы көптеген жаңа және қызықты ақпараттарды білді. Оқушыларға өте қызықты болды. Олар сабақта қызығушылықпен жұмыс істеді,өте белсенділік танытты. Сабақ соңында экологиялық тақырыпқа сурет салу ұсынылды. Өкінішке оорай қазіргі өмір адамдар үшін қолайлылықтары табиғатқа зиян келтіреді. Пакеттер, бір реттік ыдыс, бөтелкелер, ойыншықтар — пластикалық қоқыстың ең көп таралған түрлері. Біздің жеріміз пластик қоқыстардан "зардап шегуде", бірақ біз оған көмектесе аламыз. Оның әр түрлі тәсілдері бар. Табиғатты қорғау бізге қатысты. Әрбір адам жер бетінде өмірді сақтау бойынша күреске өз үлесін қосуы тиіс.
Маркелова В.А.