Бүгін балалар ғаламтордан «Менің атым Қожа» фильмін көріп, дайындалып келді. Фильм өткен ғасырдың қазақ ауыл балаларының өмірі туралы түсірілген. Басты кейіпкері Қожа. Қожа әкесінің тәрбиесін көрмесе де ақылды болған және сол заманның ауыл балаларына тән арасында бұзықтығы да бар еді. Фильм барысында ол көптеген оқиғаларға тап болады: төбелеседі де, сабақтан да қуылады, жиналыста тәртібі де қаралады, бірақ осының бәрі өзіне жарасып, сүйкімді кейіпкер болып көрінеді. Балалар фильмнің мазмұнын баяндай отырып, 1963 жылы режиссер Абдулла Қарсақбаев «Қазақфильм» киностудиясында Бердібек Соқпақбаевтың повесі негізінде түсірілгенін айтты. Бұл фильмді мен субтитрмен қазақ тілінде көруге және фильмнің бірнеше көрінісін дыбыстандыруға ұсынғанмын. Балалар тапсырманы ойдағыдай орындап, сол заманғы қоғамдық тәртіпті сезіне алды. Бұл тәрбиелік мәні бар фильм.
Лингвистикалық алаңының жетекшісі Кайрбекова К.Д.