«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы

13.03.2018

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жарияланып, сол бойынша елімізде жұмыстар жүргізіліп жатқанын барлығымыз білеміз. Елбасының мақаласында айрықша атап көрсетілгендей, барлығы ел жастарына, біздерге арналған. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Ұлт мақ­танышы біздің бұрынғы өткен ба­тыр бабаларымыз, данагөй биле­ріміз бен жырауларымыз ға­на болмауға тиіс. Мен бүгінгі заман­дас­тарымыздың жетістік­терінің та­рихына да назар аударуды ұсы­намын. Бұл идеяны «Қазақ­стандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан-алуан этнос өкілдерінің тарихы» деген болатын. Әлемдік деңгейде өзімізді таныту үшін, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы болу әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда! Бұл жоба жайында Елбасы «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деп ескерткен болатын. Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, тарихи кезең басталады. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде, сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптауырын қағидадардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Бұл тарлан тарихтың жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы екенін әрбіріміз білуіміз керек.

«100 жаңа есім» жобасы өзінің батыры мен ақынын көрсеткісі келетін қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, республикалық маңыздағы үздік тұлғалармен қатар, әрбір облыстың, әрбір ауданның, тіпті әрбір мектептің, ұжымның үздік жүз тұлғасын тізімдеп шығу бастамасы жиі көтерілуде. Қазақстанның жаңа заманғы келбетін қалыптастыруға ұмтылған тұлғалардан өнеге алған жастар да өзін жетістік жолында, елге еңбек сіңіру мақсатында өмірін сарп ететін болады.

Просмотров: 665


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст